Мекпетегі тамақтандыру » Алматы облысы Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"О.Жандосов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7142057
Есепші бөлімі:
+7(727)7142057
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2020

Мекпетегі тамақтандыру

«О.Жандосов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп асханасы туралы мәлімет
2019-2020 оқу жылы


Мектептің асханасы 36 орындық.Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Асхананы жалға алушы кәсіпкер А.Сурапбергенов 2019-2020 оқу жылында 1-4 сыныптардан 68 оқушы, 5-11 сыныптардан 52 оқушы (көпбалалы отбасынан 75 оқушы,аз қамтылған отбасынан 25 оқушы,оның ішінде 17 жартылай жетім, 3 жетім) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді.Бірінші ауысымда 44 оқушы,екінші ауысымда 76 оқушы тегін тамақтанады.Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп медбикесі Н.Саймбетова және әлеуметтік педагог Ғ.Жакупова қадағалайды. Тамақтану бірінші ауысымда сағат 10.10-10.20 аралығында, екінші ауысымда сағат 14.10-14.30 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай. Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Тамақ асханада дайындалады. Асханада 1аспазшы,1кассир,1 ыдыс жуушы,1 еден жуушы қызмет етеді. Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды.Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған.Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып,ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.