16
сентябрь
2025
Іс-шара
«О.Жандосов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Құқық Time" жобасына арналған іс-шара қорытындысы
2024-2025 оқу жылында О.Жандосов атындағы орта мектебінде "Құқық Time" тәрбие жобасы аясында жоспар құрылып бекітілді.
Жобаның мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейту, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Міндеті: Оқушылардың Ата Заң, Бала құқықтары туралы Конвенция және ҚР заңнамаларымен танысуына мүмкіндік беру.
Заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.
Құқықтық тақырыптарда ойлау, талдау, пікір айту дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
• Құқықтық білімнің артуы
• Құқық бұзушылықтың алдын алу
• Қоғамға жауапкершілікпен қарау дағдысының қалыптасуы
Жобаға қатысушылар тобына 7-10 сынып оқушылары қамтылды.
Жоспар 3 кезеңнен құрылды: дайындық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Жоспарға сәйкес «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында білім алушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін тексеру мақсатында сауалнама алынды. Оқушылар арасында жоба логотипін жасауда байқау өткізілді. Нәтижесінде 9 «В» сынып оқушысы Бақтыбай Каусардың жұмысы лайық деп танылды. Жобаның негізгі кезеңінде 7,8,9 сыныптар арасында «Конституция – біздің құндылығымыз», «Құқық және міндет», «Құқықтық сауаттылық мәдениеті» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. «Құқықтық брейн-ринг» тақырыбында «Заман» дебат клубының ұйымдастыруымен сыныпаралық зияткерлік сайысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Темірбектің ұйымдастыруымен “Менің құқығым – менің қорғаным» тақырыбында 10 сыныптар арасында эссе байқауы, “Жасөспірім және заң” тақырыбында сұхбат- тренинг, «Мен және Заң» тақырыбында постер конкурсы, ауылдық полиция инспекторы, заңгер және психологпен сұрақ-жауап сағаты, мектеп кітапханашылары М.Анарбекованың ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» көрмесі өткізілді.
Қорытынды кезеңде білім алушылардан «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама алынды. “Құқық Time – біздің мектебімізде” сурет көрмесі ұйымдастырылып, оқу жылында аталған жобаға қатысушыларды марапаттау салтанаты өткізіліп әлеуметтік желіге салынды.