"Шапағат" пәндер бірлестігінің апталығы » Алматы облысы Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"О.Жандосов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7142057
Есепші бөлімі:
+7(727)7142057
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2024

"Шапағат" пәндер бірлестігінің апталығы

«О.Жандосов атындағы орта мектебі» КММ

«Шапағат » әдістемелік бірлестігінің  «Табиғат тамашалары өмірімізде» атты   жаратылыстану пәндері апталығының онкүндік  қорытындысы

2023-2024 оқу жылы

     03.04-11.04 аралығында «Жаратылыстану» бірлестігінің  онкүндік апталығы өтті.

 Мақсаты:  география, биология, химия,жаратылыстану сабақтарында және  сабақтан тыс шараларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

     Жаратылыстану бірлестігінде   3-биология, жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 3-география пәнінің мұғалімі,2-химия пәнінің  мұғалімі жұмыс істейді. 

 Жаратылыстану  онкүндігінің   03.04.2024 «Табиғат тамашалары өмірімізде» тақырыбымен   1 қабатта Фое-де көрме және де дәрігерлік тексеру оқуышылар көмегімен,ұстаздар сүйемелдеуімен жүргізілді, «Қызықты тәжірибелер» химиялық эксперименттер 9 сыныптар арасында мұғалімдер : Мырзабаева М.О ; Аухадиева Қ.С. мен қызықты сұрақтары алма ағашымен   ашылуы өтті. Көрмеде оқушылардың жасаған модельдері, оқушылар қан қысымын өлшеу, жүрек соғысын тексеру арқылы оқушылар мен ұстаздармен қызықты мәліметтер бөлісті, сонымен қатар химиялық эксперименттерге оқушылар қызығушылықпен қатысты.Алма ағашынан әрбір алма жемісін таңдай отырып артындағы жасырын тұрған сұраққа жауап берді.Оқушылар жоғары қызығушылықпен өз жұмыстарын көпшлікпен тамашалады.

04.04.2024  ««Табиғатты аялайық» суреттер көрмесі қабырға газеттері челлендж жарияланды мұғалімі Сегизбаева Л.Т. Челленджге қатысушылар 5 сыныптар арасында. 1-орын 5«А» сыныбы, 2-орын 5«Ә» сынып, 3-орын  5«Б» сынып.

04.04.2024 География пән мұғалімі Кемелбай Б.Б. 7 «Б» сыныбында «Табиғи ресурстардың жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ қызықты, жоғары дәрежеде өтті. Сабақ барысында ұйымдастыру,топтық жұмыстар жүргізілді. Заман талабына сай АКТ қолданылды. 

05.04.2024  География пән мұғалімі Сыдыкова А.У. 11 сыныптар арасында  «Жаратылыстану ғылымдар айнасы» дөңгелек үстел . Оқушылар   арасында өткізілген интеллектуалды шоу болды. Сайыс логикалық сұрақтар, әртүрлі танымдық ойындардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. 

05.04.24 Биология пәнінің мұғалімі Хирыкбай  Т.  9 сыныптар арасында «Брейн- ринг»  интелектуалық сайысы жоғары деңгейде  өтті. Оқушылар  белсенді, жаңартылған бағдарлама бойынша  әдіс-тәсілдерге бейімделген.  Жаңа сабақты тәжірбиеден бастауының өзі ұтымды болды. Жалпы тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  оята  білді. 

08.04.2024  Биология пәні мұғалімі А.Е. Сыдикова 8 «Ә» сыныбында «Мүктер мен қырықжапырақтардың циклі» тақырыбында   ашық  сабақ өткізілді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сабақ барысында қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар жоғары қызығушылықпен қатысып отырды.

08.04.2024 География пәні мұғалімі А.У. Сыдыкова 8 «Ә» сыныбында «Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары» тақырыбында  ашық  сабақ өткізілді. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сабақ барысында қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар жоғары қызығушылықпен қатысып отырды.Оқушылар тәжірибе жүргізу арқылы сабақты толық меңгерді. 

09.04.2024  География пәні мұғалімі Б.Т. Султанов  10 «Д» сыныбында «Комплексное географическое районирование» тақырыбында  ашық  сабақ өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар тәжірибе жүргізу арқылы сабаққа қызығушылықтары артып, сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. 

09.04.2024 Химия  пәні мұғалімі Қ.С.Аухадиева  9 «Ә» сыныбында «Органикалық қосылыстардың изомериясы » тақырыбында   ашық  сабақ өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. 

09.04.2024 Химия   пәні мұғалімі Мырзабаева М.О. 7 «Б»   «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» тақырыбында  ашық  сабақ өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. 

09.04.2024 Биология пәнінің мұғалімі Хирыкбай  Т. «Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы» ашық сабақ 10 «Б»  сыныбы оқушыларымен өткізілді. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі заман талабына сай технологияларды пайдалана отырып жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар тәжірибе жүргізу арқылы сабаққа қызығушылықтары артып, сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

 10.04.2024 5-11 сыныптар арасында соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері білдірілді.


Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.


Шешімі: жаратылыстану бірлестігінің онкүндігі «жақсы» деңгейде  өтті.


Жаратылыстану онкүндігінің ашылуы



География пән мұғалімі Кемелбай Б.Б. 7 «Б» сыныбымен «Табиғи ресурстардың жіктелуі» 


География пән мұғалімі Сыдыкова А.У. 11 сыныптар арасында  «Жаратылыстану ғылымдар айнасы» дөңгелек үстел.


 Химия  пәні мұғалімі Қ.С.Аухадиева  9 «Ә» сыныбында «Органикалық қосылыстардың изомериясы » тақырыбында  ашық  сабақ.

Химия  пәні мұғалімі Мырзабаева М.О. 7 «Б»  «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» тақырыбында  ашық  сабақ.

«Жаратылыстану» пәндері бірлестігінің жетекшісі: Мырзабаева М.О.