"Полиглот" ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі » Алматы облысы Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"О.Жандосов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7142057
Есепші бөлімі:
+7(727)7142057
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Полиглот" ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі
19
февраль
2024

"Полиглот" ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі

       Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі жоспарға сай 31.01.2024ж. күні  ашылды. Ашылу салтанаты мектебіміздің 1-ші қабатында оқушыларды және ұстаздарға арнап әзірленген ағылшын тіліндегі сұрақтармен басталды. Оқушылар және ұстаздар сұрақтарға көңілді әрі белсенді түрде жауап беріп тәттілерін алды.
 


  Онкүндіктің жоспары бойынша 01.02.24ж. күні  оқушылар дайындаған қабырға газеттерін ілініп жұмыстары бағаланды.    02.02.24ж. күні Мергенбайев А. «Asking about dates» тақырыбында 5 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабағын жоспарға сай өткізді. Ашық сабағында жаңа тақырып түсіндіріліп, топтық, жұптық, жеке жұмыс және сергіту сәті жасалынды.           Мергенбаева Алуа 5 «Б» сыныбымен ашық сабағы.      
 
06.02.24ж. күні «Healthy bodies» Бекен К. 4 «А»  сыныбымен, Сапарова З. «Travel equipment» 6 «Ә» сыныбымен  және Турсунқан А. 3 «А»  сыныбымен " Exploring space " тақырыбында ашық сабақтарын көрсетіп өз біліктіліктерімен бөлісті. Сабақтары өте қызықты деңгейде өтті. 
    Бекен Камиланың ашық сабағынан үзінді фотолар:
 
Сапарова Зульфия ашық сабағынан үзінді:
 
 Турсунхан Айнұр ашық сабағы 3 «А» сыныбы.
 
07.02.24ж. күні «Holidays» тақырыбында 5 «Б» сыныбында Абылаева А. ашық сабағын сергіту сәті, сұрақ-жауап, Kahoot арқылы сұрақтармен және айтылым тапсырмаларымен оқушыларды сөйлетіп қызықты өтті. 4 «Е» орыс сыныбымен «Healthy food and junk food» тақырыбында Айдарова Ф. өз ашық сабағын қызықты етіп өткізді.
Айдарова Фатима 4 «Е» сыныбымен ашық сабағы және  Абылаева Айгерим ашық сабағы.
 
08.02.24ж. күні «Jane Austen “Pride and prejudice”»  тақырыбында Жұматай Ж. 9 «В» сыныбымен, Алимжанова Р. «Review» тақырыбында 6 «Г» сыныбымен және  Сотникова С.
 3 «Д» орыс сыныбымен «Shadow  puppet show» тақырыбында  оқушыларымен ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтары оқушыларды қызығушылығын арттыратын қызықты тапсырмаларға толы болды.
Алимжанова Рабиганың сабағынан үзінді фотолар:
 
Сотникова Светлана  3 «Д» сыныбымен ашық сабағы.
 
Жұматай Жазира 9 «В» сыныппен ашық сабағы.
 
09.02.24 күні Бектасова Б. 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Present perfect and past simple» тақырыбында осы шақ және өткен шақтың ережелері туралы өз ашық сабағын өткізді. 
Жаксылыкова А. 6 «Ә» сыныбымен «Weather conditions» тақырыбында ауа райына қатысты сұрақтарға жауап беру туралы өз ашық сабағын өткізді.
 
09.02.24 күні  Жұматай Ж.Б. және Сапарова З. «The Royalty Family» тақырыбында 9 сыныптармен сыныптан тыс іс-шара өткізді.  
  
Абылаева А., Сотникова С., Мергенбаева А., Алимжанова Р. «Poems and Poetry» тақырыбында 5 сыныптармен   ағылшын елінің ақын және жазушыларының туындылары тақырыбында сыныптан тыс әс-шара өткізді.
Ағылшын тілі пәні бірлестігі бекітілген жоспар бойынша   ұстаздар өздеріне жүктелген ашық сабақтарын мен сыныптан тыс іс-шараларын жоспарға сай өткізіп онкүндікке толық қатысып өз белсенділіктерін көрсетті. 
Онкүндіктің жабылуы 13.02.24 күні салтанатты түрде жабылу салтанаты оқушылардың және мектеп әкімшілігінің қатысуымен өткізілді.