"Тарих" пән бірлестігінің онкүндігі » Алматы облысы Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"О.Жандосов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7142057
Есепші бөлімі:
+7(727)7142057
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2024

"Тарих" пән бірлестігінің онкүндігі

«Тарих» пәні бірлестігі онкүндігі

      2023 жылдың   4 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында «Тарих» пәні бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталықтың ашылуы біздің ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келді. «Тарих - кемел келешекке жетелейді» тақырыбында тарих апталығының салтанатты ашылуы өтті. 

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің дала заңдарынан бастап,   тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Конституцияның 28 жылдығы, Тәуелсіздіктің 32 жылдығымен, ел үшін аянбай еңбек еткен қазақ хандары мен Алаш Орданың зиялыларының еңбектерін баяндай отыра өткен, бұл апталық жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу болып табылады. Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту. Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.                                                                                                                                       Апталықтың ашылуында Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білу үшін түрлі сұрақтар қойылып, әр түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар тапсырылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, атсалысты.

Көрнекіліктер: «Тарих - кемел келешекке жетелейді»   тақырыбында стенд, Қазақстан Республикасының жетістіктері жайлы көрме, «Алаш зиялылары» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мерекелік шарлармен безендірілді. Желтоқсан оқиғасынан бастап тәуелсіздігімізді алған кезеңдерді қамтитын кинолента көрсетілді. Осы кезеңдегі қоғамдық өзгерістерге көңіл бөліп, ой түйіндеді. Тәуелсіздік жолында болған қоғамдық өзгерістерге мән берді. Тәуелсіздікке жету жолында ұлттық салт-дәстүрлердің, діннің, тілдің, қайта оралғанын ұғынды.

 

Апталықтың ашылуында тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепшілік «Тарих - кемел келешекке жетелейді»  атты концерт ұйымдастырылды. Бұл мерекелік концертте барлық оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, тәуелсіздікке өлең шумақтары арналып, ұлттық билер биленді. 




08.12.2023 күні тарих пәнінің мұғалімі Қартайғанова А.А. «XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Жаңа технологтялық әдістерді қолдана отырып  өткізді. Сабақта оқушылар топтық,  жеке жұмыстар жасап , белсенділік танытты, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. «Ойлаудың 6 қалпағы», «Веер» әдістері тиімді қолданылды. Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы тарих мұғалімдерінің көңілінен шықты. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.






11.12.2023 күні тарих пәнінің мұғалімі Тұрғынбаева Л.М. «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып  өткізді. Сабақта оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасап , белсенділік танытта отырып оқушылар тапсырмалар орындады. Сабақта тақырыптық кішігірім қойылым көрсетілді. Функционалды сауаттылықты арттыра отырып, оқушылар тақырыпты бүгінгі күнмен интерпритациялады. Сабаққа бірлестік мұғалімдері және мектеп директоры, басқа да пән мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.




12.12.2023 күні тарих пәнінің мұғалімі Алимжанова Ж. «Как исчез древний город Мохенджо-Даро» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Жаңа технологтялық әдістерді қолдана отырып  өткізді. Сабақта оқушылар топтық,  жеке жұмыстар жасап , белсенділік танытты, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. «Карусель», «Сам себе археолог» әдістері тиімді қолданылды. Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы тарих мұғалімдерінің көңілінен шықты. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.



22.12.2023 күні тарих пәнінің мұғалімі Токпанова А.Б. «1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбында   ашық сабақ өткізді. Жаңа технологтялық әдістерді қолдана отырып  өткізді. Сабақта оқушылар топтық,  жеке жұмыстар жасап , белсенділік танытты, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. «Хат келді», «Ой қозғау» әдістері тиімді қолданылды. Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы тарих мұғалімдерінің көңілінен шықты. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.





22.12.2023 күні тарих пәнінің мұғалімі Кинезбаева З.Н. «Конституциямызға 28 жылдығына орай » 9 сыныптар арасында сайыс сабақ өткізді. Оқушыларға интеллектуалды сұрақтар қойылып, тәуелсіздік туралы және төл рәміздеріміз бойынша сұрақтар мен тапсырмалар берілді. 9 сынып оқушылары белсенділік танытып, сайыс-сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Қатысушы басқа да пән мұғалімдері мен тарих пәні мұғалімдері қатысып, керемет әсерде шықты. Оқушылар алған білімдерін шыңдап, жоғарғы деңгейде тапсырмаларды орындады. Жеңімпаз сыныпты арнайы мадақтама қағаздармен марапатталды.


 «Тәуелсіздік-кемел келешекке жетелейді» тақырыбында стендте арнайы тесттар мен логикалық тапсырмалар ілінді. 5-10 сынып оқушылары арасында сайыстар өткізіліп,  жүлделі орындарға ие болды. Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

                                         «Тарих» пәні бірлестігінің жетекшісі:. Кинезбаева З.Н