І жартыжылдықтағы спорт жетістіктері


ØМектеп лигасы бойынша мектебіміз кестеге сәйкес көрсетілген жарыстардың барлығына қатысып келе жатыр.
Атап айтар болсақ 9-11 сыныптар арасында «Асық атудан» дене шынықтыру пәні мұғалімі Жапаев Серғазы жетекшілігімен мектеп оқушылары аймақтық іріктеу жарысынан I орын иеленіп аудандық жарысқа жолдама алды. Аудандық жарыстың да нәтижесі жаман болмады, II орынды қажығаларына байлады.
9 «А» сынып оөушылары Бахтиллаев Куандык, Ізбасар Даниял, Ансатбаев Мейрамбек.
Аталған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Ø15.12.2021 ж Б.Әлжанов орта мектебінде «Тоғызқұмалақтан» 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасында аймақтық іріктеу кезеңдері өтті. Дене шынықтыру мұғалімі Омарбеков Нұржан жетекшілігімен мектебіміздің оқушылары жоғары дәрежелер көрсетті. 5-6 сынып оқушылары және 7-8 сынып оқушылары аймақтық жарыста I орын алып келесі іріктеу кезеңі аудандық жарысқа жолдама алды. Аудандық тартысты іріктеу жарысында мектебіміздің оқушылары намысты қолдан бермеді. 5-6 сынып II орын, 7-8 сынып III орын қанжығаларына байлап абыроймен оралды.
8 «А» сынып оқушылары Мухаметқали Анар, Қыдырхан Ералы
8 «Б» сынып оқушылары Нұрғазы Мейіржан, Еркін Маулет
6 «Б» сынып оқушылары Аллажар Ерканат, Мухидин Нұрбақыт
6 «Ә» сынып оқушылары Көшкінбаи Нұрым, Сагинтай Аяжан
Аталған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
