"Балаға мейірім сыйла" мектепке жол қайырымдылық акциясы
Балаға мейірім сыйла
2017 жылдың 1 тамызынан бастап «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты ұранымен бүкіл Республика көлемінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл акцияның мақсаты –жетім балаларға, ата-ананың қамқорысыз қалған балаларға, сондай-ақ көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасыларға нақты әлеуметтік көмек көрсету. Жылдан жылға бұл шараға біздің мектебіміз тікелей қатысады. Жаңа оқу жылына балаларды жалпы күшпен дайындау жақсы дәстүрге айналды.
Балалар – біздің болашағымыз. Бүгінде бұл болашақ біздің қолымызда. Әрбалаға таным қабілеттерін, шығармашылық потенциалын дамыту және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, қамқорлық ортасында тәрбиеленуге қажетті ең жақсы жағдайларды қамтамасыз ету үшін әлемде білім, ресурстар мен құқықтық аманаттар бар.
Бүгінде балаларымыздың болашағы бейтарап емес, мүмкіндігінше көмек береалатындар оқужылының басталуына «Мектепкежол» акциясы аясында қолдау көрсетіп келеді. Мектебімізде акцияға алғашқы қатысушылардың бірі болып ата-аналар, мектеп мұғалімдері, ауылымыздың мешіті мен кәсіпкерлері құрап отыр. Атап айтқанда Жандосов ауылының мешіті 6 балаға 30000 теңге көлемінде мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарларын алып берсе, мектебіміздің ата-аналары А.Утегенова, С.Сулейменов, К.Туленбаев, А.Кыдырбекова, Г.Нурмаханова, М.Джиесова, Н.Сейтказин 12 балаға 100000 теңге көлемінде мектеп сөмкесі,кеңсе тауарлары, 2 жетім балаға мектеп формасы мен тәттілер сыйлады.
<!--
[if gte vml 1]>
<!--
[if !vml]
-->
<!--
[endif]
-->
<!--
[if gte vml 1]>
<!--
[if !vml]
-->
<!--
[endif]
-->
<!--
[if gte vml 1]>
<!--
[if !vml]
-->
<!--
[endif]
-->
Өз кезегінде қайырымды жандар балаларды жаңа оқу жылына дайындап, оларға мектеп киімі мен оқу құралдарын сыйлады. ЕлбасыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар – біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын"- деген сөзімен аяқтай отырып, биылғы «Мектепке жол» акциясына одан да көп адамдар қатысатынына сенімдімін. Мейірімділік жасауға асығыңыз.
«О.Жандосов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен»
отдела образования Кербулакского районанің
әлеуметтік педагогы Жакупова Ғазиза Мауленқызы