11
April
2022
Іс-шара
"О.Жандосов атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 08 сәуірде "Мейірімділік анадан, әдептілік данадан" тақырыбында үлкен іс -шара өткізілді.
Іс -шара мақсаты: «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ». «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Халқымыз «Бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Сол себепті болашақ ұрпаққа ұлттық өнегемізді насихаттау мақсатында аталмыш іс-шара өтті.
Іс-шараға Қарасай аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақлия Бекбайқызы бастаған Қарасай аудандық ауылдық округ әжелер алқасының төрайымдары қатысты.